11.03.2022, 17:00
Оқылды: 49

Еліміздің 1,5 мыңға жуық жүк вагоны Украинада қалды - министрлік

Еліміздің 1,5 мыңға жуық жүк вагоны Украина аумағында қалып отыр. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

LvZeGqt2gg06SZEiKdU0wcmNMqGWKvRGIb6KvxH1

 

11 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 57 жүк автокөлігінің 49-ы шықты. Осылайша, бұл елдің аумағында 8 жүк көлігі, оның ішінде украиндық жүргізушілері бар Қазақстанның 4 жүк көлігі қалып отыр, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар  Украинада еліміздің азаматтарына тиесілі 1457 жүк вагоны тұр. Оларды басқа бағыттарға жіберу жұмыстары жалғасуда.

Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанынан «Жедел желілер» ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ақтау және Құрық теңіз порттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жүктер бөгеліп жатқан жоқ.

baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале