Бүгін, 2022 жылғы 14 наурызда Алматы қаласының әуежайынан Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылғы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберілетін болады. ҚР Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар партиясын бөлу туралы шешім қабылдады. Қазақстан басқа мемлекет тарапынан ресми өтінішке жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді.
Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді. Украина аумағына жүктерді қауіпсіз жеткізу үшін Қазақстан Үкіметі Украинаға халықаралық гуманитарлық көмек алу және тарату үшін хабтар орналастырылған көрші мемлекеттермен келісімге келді.
«Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Алматы - Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды. Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тоннаны құрайды, оған 17 дәрі-дәрмек кіреді: антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертезивті препараттар»,-делінген хабарламада.