Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жолдауы әлемде боп жатқан аласапыранға алаңдап қалған қазақ халқына рух берді. Семейге Абай атауын беруінің өзі, төл әдебиетіміз бен тағылымды тарихымызға ұлы ойшылымызға деген құрметтің көрінісі.
«Осы күнде жұртымыз тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді»,-деген мемлекет басшысы мызғымас бірліктің арқасында елімізді қорғап қалғанымызды да, қалатынымызды да айтып өтті. Әр тұрғын еліміздің болашағы өз қолында екенін сезіне білсе, жаңа Қазақстанды құруға Жолдау негіз бола алады.
Өзім бала тәрбиелеп отырған ана, білім беріп жатқан мұғалім болғандықтан елімнің келешегіне алаңдаушылық білдіремін. Өскелең ұрпаққа біліммен ұштастыра, адамгершілік қасиеттерді сіңіре отырып, бірлік, татулық, сыйластық пен бауырмалдық, қазақтың қанына біткен қонақжайлық пен қарапайымдылыққа баулу басты міндетім деп білемін.
Бұл міндет Президент айтқандай, бабалар қалдырған аманатқа адал болуымның көрінісі де болмақ. Ендеше болашаққа сене білейік, сол жолда еңбек етейік, ол біздің қолымыздан келеді.
Мерует Ешниязова
Бәйтерек ауданы
Егіндібұлақ ауылының тұрғыны