9.04.2022, 10:00
Оқылды: 51

Теннис: Александр Бубликтің Монте-Карло мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бубликтің Монте-Карло мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды.

220201125700292e

А.Бублик алғашқы айналымда қазіргі кезде дүниежүзілік 236-орында тұрған швейцариялық, «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы Станислас Вавринкамен шеберлік байқасады.

Өткен жылы осы ірі жарыста қазақстандық теннисші бастапқы кездесуінде-ақ сүрінген болатын.

Биыл Монте-Карло додасы 10-17 сәуір аралығында өтеді. Онда әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович бастаған маңдайалды теннисшілер өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Чарльстон турнирін жеңіспен бастағанын, қазақстандық теннисшілердің Мароккодағы жарыстың финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале