Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау делінген. Осы мақсатта Шыңғырлау спорт клубының ұйымдастыруымен аудан орталығында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жеңіл атлетикадан көпшілік жүгіру марафоны өтті.
Марафонға қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа аудан орталығынан және ауылдық округтерден 130-ға жуық жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер қатысты. Жас ерекшеліктеріне қарай 14-17, 18-29, 30-39 және 40 жастан жоғары спортшылар төрт санатқа бөлінді.
Спортшылар «Теща» супермаркетінен бастап Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне дейін 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
Дүбірлі додада топ жарған жеңімпаздарға дипломдар, медальдар және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz