22.04.2022, 10:00
Оқылды: 117

Шыңғырлауда жеңіл атлетикадан марафон өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында барлық жастағы ел азаматтары арасында  бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау делінген. Осы мақсатта Шыңғырлау спорт клубының ұйымдастыруымен аудан орталығында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жеңіл атлетикадан көпшілік жүгіру марафоны өтті.  

IMG-20220422-WA0020

Марафонға қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев құттықтап,  спортшыларға сәттілік тіледі.

IMG_2258

Жарысқа аудан орталығынан және ауылдық округтерден 130-ға жуық жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер қатысты.  Жас ерекшеліктеріне қарай 14-17, 18-29, 30-39 және 40 жастан жоғары спортшылар төрт санатқа бөлінді.

IMG_2080

Спортшылар «Теща» супермаркетінен бастап  Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне дейін 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

IMG_2271

Дүбірлі додада топ жарған жеңімпаздарға дипломдар, медальдар және  қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

IMG_2246

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале