7.05.2022, 10:21
Оқылды: 147

"Ерлік даңқы - мәңгілік"

Кеше Жеңіс күні мейрамы мен Отан қорғаушылар мерекесіне арналған салтанатты жиында Бөкей ордасы ауданының басшысы Нұрлыбек Даумов жұртшылықты айтулы мерекелермен құттықтап, бейбіт күнді сыйлаған бабаларға тағзым ету парыз екенін баса айтып, тәуелсіз таңның батырлары мен сарбаздарын да қызу құттықтады.

IMG-20220507-WA0017

Салтанатты жиын аудан аруларының ер азаматтардың мейрамдарына арнайы әзірленген мерекелік концертіне ұласты.

IMG-20220507-WA0009

Бірден айта кетелік, бүгінгі концерт Жеңіс күнінің мәні мен маңызын айқындай түсіп, қасіретін кейінгі ұрпаққа таныта білгендей.

IMG-20220507-WA0007

Бұл күнде дені марқұм болған ауыл үлкендерінің соғыс туралы естеліктерінен құралған деректі фильм сол сұрапылдың біздің топырақтағы сұмдығын суреттеді. Жастығын ұрлаған соғыстың ащы шындығын паш етті.

IMG-20220507-WA0011

Сахна төрінен шырқалған әндер де, батыр апаларымыз Мәншүк пен Хиуаздың монологы да, жалпы барлық номерлер бұл соғыс алыста емес, табалдырыққа келіп, тап бергенін білдірді. Сонымен қатар бұл мерекелік концертте тыл ардагерлерінің ерен еңбегі назардан тыс қалмай, сайқындық тыл ардагерлерінің игі тілектері де сахна экранынан көрсетті.

IMG-20220507-WA0009

Мұнда Ауған соғысының ардагерлеріне, шекарашы сарбаздарға, басқа да азаматтарымызға музыкалық құрмет көрсетілді, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

IMG-20220507-WA0010

Ұлы Жеңіс қымбатсың ғой бәрінен,

Саған қарап бой түзеймін әлі мен.

Иілмеген еңсесісің елімнің,

Қорықпаған жауған оқтың кәрінен,-деп "Жеңіс туы" әнімен шара шымылдығы жабылды.

Раушан Бақытова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале