8.06.2022, 16:44
Оқылды: 32

Алғабаста республикалық турнир басталды

Бүгін Ақжайық ауданы Алғабас ауылында батысқазақстандық еркін күрестің негізін қалаушы, танымал ардагер-ұстаз Амангелді Зұлқашев және еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Өтеп Молдабекті еске алуға арналған еркін күрестен 2008-2009 жылы туған  жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды.

алфия

Турнир 8-10 маусым аралығында өтеді. Турнирге батыс өңірінің Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысының жас спортшылары қатысуда.

алпия2
Күрес додасына еркін күрес ардагерлері, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Бақберген Абуов, облыстық және аудандық спорт саласының өкілдері қатысуда.
Республикалық турнирдің ашылуы сағ 18.00-ге жоспарланған.

Альфия Шамаева,

"Жайық пресс" ақпарат агенттігі 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале