17.06.2022, 12:30
Оқылды: 30

Тоқаев Татарстан президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Санкт-Петербургке сапары Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесуден басталды.

photo_100815

Кездесу барысында Қазақстан мен Татарстанның сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейту перспективалары достық рухта талқыланды. Экономиканың маңызды секторларындағы бірлескен жобаларды Қазақстан аумағында жүзеге асыруға, еліміздің зауыттарын Ресей Федерациясының өндіріс жүйесімен қатар дамытуға баса мән берілді.

Сонымен қатар, "КАМАЗ" және "Татнефть" компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы қарастырылды.  Кездесуге бұл компаниялардың да басшылары қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа ілтипат білдіре отырып, өзінің Татарстанға барған сапарын айрықша ықыласпен еске алды. Оның нәтижелері ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін берді.

"Уағдаластықтарымыздың қалай жүзеге асырылып, көздеген мақсатқа қалай қолжеткізіп жатқанымызды көріп отырмын. Бәрі де бақылауда деп айтуға болады", - деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресеймен көпжақты қатынастарында маңызды орын алатын қазақ-татар байланыстарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Республикамен арадағы тауар айналымы 423 миллион доллар болды. Биылғы төрт айдың ішінде 143 миллион долларға жетті. Машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумы ынтымақтастықты кеңейтуге жақсы мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Рустам Минниханов Петербург халықаралық экономикалық форум аясында кездесуге мүмкіндік туғызғанына ризашылығын білдіріп, татар компанияларының қазақстандық серіктестерімен ықпалдастық орнатуына қолдау көрсетіп жатқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

"Қазақстан компанияларының Ресей нарығына Татарстан арқылы кіруге мүмкіндік алуына пайдамызды тигізгіміз келеді. Біз толыққанды қолдау көрсетіп, ықпал етуге дайынбыз", - деді Татарстан президенті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале