21.07.2022, 11:00
Оқылды: 47

Астана «сары» аймаққа өтті: қандай шектеулер енгізіледі

Бүгін эпидахуалды бағалау матрицасында елорда «сары аймаққа» өтті. Осыған байланысты қандай шектеулер енгізіледі? Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова мәлім еткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220721101151642e

«Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша, ел астанасы «сары» аймаққа өткен жағдайда қабылданатын шектеулер ұсынылған болатын. Бұл – жанасу мүмкіндігі жоғары жұмыс орындарын қашықтан істеуге жіберу, вакцинацияға түбегейлі қарсы медициналық көрсетілімі бар адамдарды қашықтан жұмыс форматына өткізу», - деді Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова.

Айтуынша, елордада «сары аймаққа» өтуге байланысты бүкіл ғимараттарға бару үшін маска кию талабын сақтау керек.
«Кинотеатрлар мен кинозалдарға, бұқаралық шаралаға, концерттерге маска киіп баруға кеңес беріледі. Қоғамдық көлікте міндетті түрде маска кию керек. Сондай-ақ, 10-нан артық адам қатысатын жиындарды онлайн режимде өткізуге кеңес беріледі», - деді Сархат Бейсенова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале