АҚШ президенті Джо Байденнен бейсенбі күні алынған тест қорытындысы оң болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Фото дереккөзі: EPA
Ақ үй президент аурудың өте жеңіл белгілерін сезінгенін хабарлады.
«Джо Байден қызметтік міндеттерін сынақтар теріс нәтиже бермейінше оқшауланып жалғастырады. Ол ем алуын бастады», - деді оның баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер.