1.08.2022, 14:45
Оқылды: 54

Көз алдыңызда суға батып бара жатқан адамды қалай құтқаруға болады

ШҚО құтқарушылары суда туындаған шұғыл жағдайларға орай ақыл-кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8

Фотосурет: baribar.kz

Суға батудың әртүрлі себептері болуы мүмкін, бірақ олардың негізгілері - алысқа жүзу, дауыл кезінде шомылу, мас болу, жүзе алмау, дененің гипотермиясы, үрленген қолдағыш құралдардың, балалардың қараусыз қалуы.

Шомылу кезінде өзіңізді және балаларды қалай қорғауға болады?

Жазатайым оқиғалардан сақтанудың ең жақсы тәсілі - жүзуді жақсы білу және суда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау.

Суда күтпеген жағдайға тап болсаңыз, қалай батып кетпеуге болады?

Егер аяқ немесе қолыңыз тартылса, сабыр сақтап, арқаға жатыңыз, сосын сол қалыпта ақырындап жағаға жүзуге тырысыңыз. Бұл жағдайда тартылған аяқтың бас бармағын өзіңізге тарту керек.

Құйынға түскен жағдайда, бір рет өкпеге көбірек ауа жинап, суға сүңгіп, ағын бойымен күшті серпіліс жасап, бетіне қалқып шығу керек.

Су беті толқып жатқанда толқындар арасындағы аралықта тыныс алуды мұқият бақылауыңыз керек. Толқындарға қарсы жүзген кезде үлкен толқынға ақырын көтеріліп, одан түсу керек.

Сізді өзенде күшті ағын алып кетсе, күш жұмсамаңыз және онымен күреспеңіз. Тек диагональ бойымен жақын жағалауға қарай ағынмен жүзіңіз.

Суға бата бастасаңыз не істеу керек?

Сабыр сақтаңыз және үрейленбеңіз. Көлденең күйде болу үшін өкпеге ауа жинап, оны ұстап, баяу дем шығарыңыз. Айқайлауға тырыспаңыз.

Суға батып бара жатқан адамдар физиологиялық тұрғыдан айқайлай алмайды, ал айқайлауға тырысу суға батумен аяқталады.

Суға батып бара жатқан адамды қалай құтқаруға болады?

Қасыңызда суға түсіп жүрген адам біртүрлі күмәнді әрекет ете бастаса не істеу керек? Ең алдымен, одан «бәрі дұрыс па?» деп сұраңыз. Егер шомылушы сізбен сөйлессе, онда бәрі жақсы.

Егер ол көрмей тұрғандай жауап қайтармаса, онда оны құтқаруға шамамен бір минут қана уақытыңыз бар, әйтпесе ол су астына кетеді. Суға толық батып бара жатқан адамдар су бетінде 20-дан 60 секундқа дейін ғана болуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда ең бастысы - уақытты құр өткізіп алмау. Дереу адамдарды көмекке шақырыңыз. Жақын маңда құтқару құралдарының бар-жоғын қараңыз.

Егер суға батып бара жатқан адамға көмектесем деп шешсеңіз, судың, желдің, кедергілердің және қашықтықтың барысын ескеріңіз. Адамға жақындай отырып, оны тыныштандыруға және жігерлендіруге тырысыңыз.

Егер ол өз іс-әрекетін басқара алса, онда ол сіздің иығыңыздан ұстауы керек. Әйтпесе, батып бара жатқан адамның астына түсіп, оны ұстап, жағаға сүйреңіз.

Егер адам суға батып кетсе, оны тереңдіктен табуға тырыспаңыз. Суға батып бара жатқан адам суда 5 минутқа дейін болса, тірілтуге болады.

Зардап шегушіні шығарып алып, оны қарап шығыңыз, жоғарғы тыныс жолдарын судан және бөгде заттардан босатыңыз, тыныс алмаса және жүрегі соқпай қалған жағдайда дереу реанимациялық іс-шараларға кірісіңіз. Жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырыңыз.

Егер суға батып бара жатқан адамға көмек қажет болса, «112»нөміріне қоңырау шалыңыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале