8.08.2022, 13:13
Оқылды: 46

“Жастар кубогі — "Сары бүркітте"

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың және “Сырым жастары” ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен өткен жайдарман ойындарында аудан жастары “Жастар кубогын” сарапқа салды.

жайдарман

12-тамыз — Жастар күніне орай ұйымдастырылған додаға 6 команда қатысып, бақтарын сынады. Ойын барысында әр топ өзінің жеңіске деген жігерлілігі мен тынымсыз ізденістерін, тыңғылықты дайындықтарын көрсетіп, көрермендерге күлкі сыйлады. Еліміздің кешегісі мен бүгінін, жаһандану дәуірінің артықшылықтары мен кейбір кемшін тұстарын, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің ақсап тұрған жерлерін астарлы әзіл-қалжыңдарымен көрерменге жеткізе білді.

жайдарман 9

Әділқазылардың шешімімен жүлделі үшінші орынды 2017 жылғы облыстық премьер лиганың чемпиондары, 2021 жылғы “Мен ауылдың баласы” облыстың КТК фестивалінің аудандық кезеңінің жеңімпаздары, 2022 жылдың облыстық жоғары лиганың қатысушылары “Көгеріс құрамасы” жайдарман командасы иеленді. Ал екінші орынды республикалық бірінші лиганың 2021 жылғы чемпиондары, облыстық жоғары лиганың 2021 жылғы чемпиондары, 2022 жылғы республикалық жоғары лиганың іріктеу сайысына қатысқан құрама “Дежавю” жайдарман командасы қанжығасына байлады.

жайдарман 2

“ЖАСТАР КУБОГІ-2022” жайдарман ойындарында жас та болса, ойлы әзілдерімен тұшымды пікірлерін ортаға салып, көрермендердің көңілінен шыға білген “Сары бүркіт” командасы чемпион атанды.

жайдарман 8

Айман Утиғалиева,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале