18.08.2022, 17:56
Оқылды: 113

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

Сырым аудандық прокуратурасының ұсынысымен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев төрағалық етіп, аудандық полиция бөлімінің ұжымы, жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты.

4

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында жүзеге асып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық полиция бөлімінің басшысы Ербол Әлімбекеров мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде қазіргі таңда ғаламтор-алаяқтықтың көп кездесіп жүргендігін, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын алаяқтыққа қарсы жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатырғанын жеткізді. Қазіргі таңда әлеуметтік желі және газет, ақпарттық брошюралар арқылы халыққа ақпарат беріліп жатқандығын мәлімдеді.

5

Аудан прокурорының орынбасары Айдар Әлімжанов атқарылып жатырған жұмыстарға шолу жасады. Жиын барысында аудан прокуроры Нартай Байменов мал ұрлығын болдырмау жұмыстары жөнінде ішкі істер бөліміне және ауылдық округ әкімдеріне ұсыныс білдірді.

Аудан әкімі Т.Төреғалиев баяндамашылар жасаған мәлімдемені талқылап, соған сәйкес ауылдық округ әкімдеріне, учаскелік полицейлерге тапсырмалар жүктеді.

Айман Өтеғалиева,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале