23.08.2022, 18:00
Оқылды: 53

Көлік жылдамдығын асыру салдарынан мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болды - ІІМ

Соңғы 7 айда елімізде жылдамдықты асыру себебінен 1 136 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7

Фото дереккөзі: aikyn.kz

«Жол-көлік оқиғаларының белгілі бір бөлігі жылдамдықты елемейтін жүргізушілердің кесірінен болады. Әрбір жетінші апат (14%) жүргізушілердің елді мекенде белгіленген жылдамдықты сақтамауынан болып жатады. Жол-көлік оқиғаларында мерт болғандардың жалпы санында әрбір жетіншісінің (13%) өмірі осы себептен қиылады және әрбір жетінші (14%) жарақат алады», - деді Ж. Мұратәлиев министрлікте өткен брифингіде.

Оның айтуынша, соңғы 7 айда осы жылдамдықты асыру себебінен 1 136 жол-көлік оқиғасы тіркелген. ЖКО салдарынан 156 адам қайтыс болды және 1 442 адам жарақат алды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылы Қазақстанда жол-көлік апаттары көбейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале