9.09.2022, 12:39
Оқылды: 51

Оралда 15 жасар қызды пойыз қағып, денесін екіге бөліп тастаған

Оқиға кеше, кешкі 19:20 шамасында Орал-Желаев теміржолы бойында болған. Оралдан Ақсайға шыққан жолаушылар пойызы теміржол қиылысын белгіленбеген жерден қиып өтпекші болған 2007 жылғы қыз баланы қағып өткен.

1-8-700x467

"Бұл іске қатысты қылмыстық іс тіркелді. Өкінішке орай қыз бала алған қатты соққыдан тіл тартпай кетті. Марқұмның денесі екіге бөлініп қалған. Мүрдеде қылмыс іздері жоқ. Нақты мәлімет үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", делінген Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінен келген хабарламада.

Желілік полиция өкілдері сол күні пойызды басқарған машинисті тергеу кезінде мынаны анықтаған.

Машинист шамамен 100 метрдей қашықтықтан қыз баланы көрген. Ол жан ұшыра дабыл қақса да, қауіптің алдын алу мүмкін болмады. Пойыз әбден жақындағанда жас қыз жүгіре жөнелген. Дереу жедел тежегішті басқанымен, бәрі кеш еді.

Желілік полицияның мәлімдеуінше, бейнекамерадан марқұмның пойыздың жақындағанын күтіп, әбден 5-10 метр қалғанда жүгіргенін көруге болады. Қыз баланың бұл әрекеті суицид болуы мүмкін бе? Полиция өкілі бұл сұраққа тергеуден кейін жауап береміз деп отыр.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Фото ғаламтордан 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале