Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектісінің міндеттемелерді, атап айтқанда 2022 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау барысы туралы ашықтық және айқындық мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық үшін баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр.
2022 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 11:00-де БҚО-да орналасқан «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Батыс Қазақстан өндірістік филиалының Бәйтерек ауданындағы (жер асты газ құбырын ауыстыру) нысанына бару жоспарлануда.
Осыған байланысты, Департамент аталған іс-шараға мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Анықтама телефоны: 8 (7112) 25-03-83.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті