Көші-қон полициясы қызметінің негізгі бағыты – шетелдіктердің елдегі жүріп-тұруын бақылауда ұстау және олардың заң бұзушылықтарға жол бермеуін қадағалау. Осы жылдың сегіз айлық көрсеткіші бойынша көші-қон саласының қызметкерлерімен ел аумағында болу заңнамасы және басқа да әкімшілік құқық бұзған бес мыңнан астам шетелдік жауапкершілікке тартылды - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшыларымен әкімшілік жауапқа тартылған шетелдіктерден 13 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.
Сондай-ақ 407 шетелдік ел аумағынан тысқары шығарылды. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген іздестірудегі 95 азаматтың 78-і анықталды. Бұдан бөлек, тіркеуде тұрған 115 борышкердің 93-і жауапқа тартылды.