14.09.2022, 12:30
Оқылды: 1

400-ден астам шетелдік шекарадан шығарылды

Маңғыстауда жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғандардан 13 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

WhatsApp Image 2022-09-14 at 10.09.31
Көші-қон полициясы қызметінің негізгі бағыты – шетелдіктердің елдегі жүріп-тұруын бақылауда ұстау және олардың заң бұзушылықтарға жол бермеуін қадағалау. Осы жылдың сегіз айлық көрсеткіші бойынша көші-қон саласының қызметкерлерімен ел аумағында болу заңнамасы және басқа да әкімшілік құқық бұзған бес мыңнан астам шетелдік жауапкершілікке тартылды - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларымен әкімшілік жауапқа тартылған шетелдіктерден 13 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Сондай-ақ 407 шетелдік ел аумағынан тысқары шығарылды. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген іздестірудегі 95 азаматтың 78-і анықталды. Бұдан бөлек, тіркеуде тұрған 115 борышкердің 93-і жауапқа тартылды.

baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале