Өткен айда тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін жалдау ақысының орташа бағасы 4 612 теңгені құрады, бір ай бұрын 4 029 теңге мөлшерінде болған еді», - делінген мәліметте.
Өңірлер бойынша баға тек Алматы қаласында жоғары. Онда жалға берушілер шаршы метрі үшін 5 611 теңге сұрап отыр. Баспана арендасы, сондай-ақ Астана мен Ақтау қалаларында қымбат, шаршы метріне тиісінше 4 485 және 3 253 теңгеден.
Жалға берілетін баспананың ең төменгі бағасы Қызылорда (шаршы метрі үшін 1 797 теңге), Тараз (шаршы метрі үшін 1 809 теңге) және Жезқазған (шаршы метрі үшін 1 845 теңге) қалаларында тіркелген.
Сонымен қатар, тұрғын үйді жалға алу бағасы бір айдың ішінде Қостанай қаласында айтарлықтай қымбаттаған – бірден 42,6%. Баға қарқынды түрде Петропавл қаласында да өсті – 27%. Бұл «үштікте» Қарағанды қаласы да бар, онда қыркүйек айында үйді жалға алу құны тамызбен салыстырғанда 21% артты.
Баспананы жалға беру бағасы болмашы мөлшерде Түркістан (0,6%), Талдықорған (3,5%), Шымкент (3,9%) және Қызылорда (4,3%) қалаларында көтерілген.
Еске салайық, елімізде қыркүйек айында жылдық инфляция 17,7% құрады. Тұтыну бағалары индексінің құрылымында ақылы қызметтер 12,3% қымбаттады.