6.10.2022, 15:30
Оқылды: 77

Жалға берілетін баспана 47,2% қымбаттады – Ұлттық статистика бюросы

Қыркүйек айында жалға берілетін баспана ақысы 47,2% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
211222192144729e
 «Қыркүйек айында тұрғын үйді жалға беру ұсыныстарының бағасы жылдық мәнде 47,2% өсті.

Өткен айда тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін жалдау ақысының орташа бағасы 4 612 теңгені құрады, бір ай бұрын 4 029 теңге мөлшерінде болған еді», - делінген мәліметте.

Өңірлер бойынша баға тек Алматы қаласында жоғары. Онда жалға берушілер шаршы метрі үшін 5 611 теңге сұрап отыр. Баспана арендасы, сондай-ақ Астана мен Ақтау қалаларында қымбат, шаршы метріне тиісінше 4 485 және 3 253 теңгеден.

Жалға берілетін баспананың ең төменгі бағасы Қызылорда (шаршы метрі үшін 1 797 теңге), Тараз (шаршы метрі үшін 1 809 теңге) және Жезқазған (шаршы метрі үшін 1 845 теңге) қалаларында тіркелген.

Сонымен қатар, тұрғын үйді жалға алу бағасы бір айдың ішінде Қостанай қаласында айтарлықтай қымбаттаған – бірден 42,6%. Баға қарқынды түрде Петропавл қаласында да өсті – 27%. Бұл «үштікте» Қарағанды қаласы да бар, онда қыркүйек айында үйді жалға алу құны тамызбен салыстырғанда 21% артты.

Баспананы жалға беру бағасы болмашы мөлшерде Түркістан (0,6%), Талдықорған (3,5%), Шымкент (3,9%) және Қызылорда (4,3%) қалаларында көтерілген.

Еске салайық, елімізде қыркүйек айында жылдық инфляция 17,7% құрады. Тұтыну бағалары индексінің құрылымында ақылы қызметтер 12,3% қымбаттады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале