14.10.2022, 22:57
Оқылды: 21

Жаңақалада «Спорт – бізді біріктіреді» атауымен спорттық шара өтті

Бүгін Жаңақала аудандық спорт кешенінде қайырымдылық айлығы аясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, аудандық ерікті мүгедектер қоғамының және аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен «Спорт – бізді біріктіреді» атты мүгедектігі бар адамдардың арасында додалы сайыс өтті.

BD50FFD5-B100-48D4-97A0-D74A4DDC92FC

Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Садуохас Болатұлы қатысты.

E253B424-9B70-4DD1-98FB-D10E451BAE33

Ақнұрлы Нұрғалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс спорттың дойбы, шахмат, үстел теннисі және қол күрес түрлерінен өтті. Аудан көлемінде өткізілген додалық сайыста ауданның ауылдық округтерінен келген ойыншылардан өзара мықтылар анықталды.

02D41FF7-4D7F-4FAC-B570-28C3DB871506

Шахматтан Нұрлан Сисенов жеңіске жетті. Нұрлан Бердіғалиев ІІ орынды иеленсе, Ерлан Сатыбаев ІІІ орынға табан тіреді.

Дойбыдан Сергей Зинелов І орынды қанжығасына байлады. Серік Сәпиев ІІ орынға ие болса, Ақболат Тұрсынғалиев ІІІ орынды еншіледі.

FA5F5350-3C08-47D8-9B63-8D7C13AFE84D

Үстел теннисінен Нұржан Бердіғалиев жеңіске жетті. Ұлағат Жанұзақов күміспен күптелсе, Азамат Биболатов қола жүлдені қанағат тұтты.

Қол күресінен Дархан Бизекенов І орынды қанжығалады. Берік Мерғалиев ІІ орын, Руслан Маженев ІІІ орын алды.

2EFC3A16-56B8-4076-BD62-D1F8F8B8F860

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімінің дипломдары, алғысхаттары және сыйлықтарымен марапатталды.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале