Министрдің айтуынша, цифрландыруды енгізу аясында әрбір мұғалімнің цифрлық портфолиосы болады, онда сертификаттау, жұмысқа орналасу, конкурстарға қатысу туралы ақпарат болады. Мектептерде оқулықтарды таңдауда академиялық автономия қамтамасыз етіледі.
Аттестаттар мен дипломдар цифрлық форматта QR коды арқылы беріледі. Әрбір студенттің өзінің цифрлық профилі болады. Ең сұранысқа ие қызметтер eGov және ірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы көрсетілетін болады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Студенттік орын тапшылығы мәселесін қалай шешетіндерін де айтты. Еске салайық, мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берген болатын.
Мәселен, тек Алматыда келесі жылы 20 жаңа мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.
Білім министрлігінің басшысы елімізде балабақшаларға бірыңғай кезек құру жоспарын да айтты.