1.11.2022, 11:30
Оқылды: 119

Әлеуметтік қызмет көрсетудегі инновациялық бастамалар көрмесі өтті

Облыс бойынша 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар делінеді. Солардың ішінде балалар да бар. Мүмкіндігі шектеулі жандардың үлкені де, кішісі де ерекше қамқорлық пен күтімді қажет етеді. Облыста мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдету үшін арнайы жобалар жасақталып, жұмыстар жүргізіліп келеді. Сондай жобалардың бірқатары осы көрмеге қойылды.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.19.58

Көрме жұмысын БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Көшкінбаев ашты.

-Еліміз бойынша өткізілетін қайырымдылық айлығы аясында облыс көлемінде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Бүгін біз арнайы күтімді қажет ететін азаматтарымызға арналған жаңа жобаларды талқылайтын боламыз. Сол үшін осындай тәжірибе алмасу алаңын жасақтап отырмыз. Басты мақсатымыз - арнайы күтімді қажет ететін тұрғындарға көмектесу, - деді басқарма басшысы.

Көрмеге бірнеше мекеме өзінің жұмыстарын қойған. Олардың ішінде білім беру ұйымдары да бар. Аймақ баойынша 2500-ға жуық бала мүмкіндігі шектеулі жандар категориясына жатады. Ал сол балалардың ішінде арнайы жабдықталған мектептерде білім алатындары да бар. Өкініштісі мүмкіндігі шектеулі балалар барлық оқушылар секілді көпшілікке арналған мектептерде оқи алмайды.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.18.20

«Біздің мектепте тек жалпы орта білім алатын балалар ғана оқымайды, ерекше күтімді қажет ететін балаларымыз да бар. Биыл «Интеллектуал волонтер» жобасы іске қосылды. Біз сол жоба аясында жұмыстанып келеміз. Ерекше баланы оқытудың өзіндік жұмысы бар. Бүгінгідей алаңдар тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мектебімізде 900-ге жуық бала оқиды. Оның ішінде 250-дей оқушы ерекше күтімді қажет ететіндер қатарында білім алуда. Біздің мектеп  - қала бойынша ерекше күтімді қажет ететін балаларға білім беретін сыныптары бар жалғыз мектеп», - деді №13 мектептің директоры Айсұлу Налиева.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.18.58

Көрмеге қатысқан мекемелер өздерінің жұмыстарын таныстырды.

марапат

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.24.10

Салтанатты шара барысында  мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетіп жүрген қоғамдық бірлестік өкілдері мен арнаулы әлеуметтік мекемелердің қызмет көрсетуші мамандары облыс әкімінің алғысхаттарымен мараптталды.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале