14.11.2022, 11:45
Оқылды: 34

Бас консулдық Ыстамбұлдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр

Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулдығы жарылыс құрбандарының арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзырлы органдарымен және қала әкімдігімен байланыста, деп хабарлайды Zakon.kz.

be312e13033f43f0909a3349185aeb4e

Тиісті ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі жариялады. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқын шетелде абай болуға шақырды.

Жексенбі, 13 қарашада Ыстамбұлдың туристік орталығында жарылыс болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам қаза тауып, 38 адам жарақат алған. Оқиға адамдар көп жүретін жаяу жүргіншілерге арналған көшелердің бірінде - үнемі бос емес және туристерге толы Истиклалда болған.

Түркия билігі жарылыс туралы жаңалықтарды жариялауға уақытша тыйым салды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале