23.11.2022, 16:45
Оқылды: 49

Қазақстанда ақылы жолдардың бағасы өзгереді

Елімізде жыл соңына дейін ақылы жолдардың тарифі өзгереді. Сонымен қатар екінші деңгейлі автожолдардың кейбірін ақылы ету жоспарланған. Аталған деректі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221123163937015e

«Қазір республика бойынша 2,2 мың шақырымды құрайтын 11 ақылы жол учаскесі бар. Ақылы жолдардың тарифі 2013-2021 жылдар аралығында кезең-кезеңімен енгізілді. 2013 жылы алғаш «Астана-Щучинск» тасжолы ақылы болды. Биыл жыл соңына дейін көлік құралдарының барлық түрлеріне жаңа абоненттік төлем енгізіледі», - деді Төлеген Абдуллин ОКҚ-де өткен брифингте.

- Жеңіл автокөліктер - 1 жылға 1000 теңге;

- 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 2 АЕК, жылына 20 АЕК;

- 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 4 АЕК, жылына 40 АЕК;

- 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 6 АЕК, жылына 60 АЕК;

- 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 8 АЕК, жылына 80 АЕК;

- 15 тоннадан астам жүк көліктері – айына 10 АЕК, жылына 100 АЕК.

«Айта кету керек, абонентті сіздің көлігіңіз ақылы жолдарға іргелес елдімекендер мен кентте есепте тұрған жағдайда ғана ресімдеуге болады. Абонементті ресімдеу тәртібі жақын арада «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми сайтына шығады. 2023 жылы қолданыстағы тариф бойынша нормативтік жағдайына қарай 2,5 мың екінші техникалық санаттағы тасжолды ақылы ету жоспарланып отыр», - дейді комитет басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале