5.12.2022, 11:01
Оқылды: 62

«Орал өңірін» қолдаған ұжым

Казталов ауданындағы Жалпақтал балалар өнер мектебінің ұжымы облыстық «Орал өңірі» газетіне бір жылға жазылды.

IMG_2176

Өнер мектебінде 25 педагог, 6 кіші қызметкер жұмыс істейді. Мектепте 224 оқушы бар. Олар домбыра, қобыз, басқобыз, флейта, баян, терме, вокал, көркемсурет үйірмелеріне қатысуда. Мектеп ұжымының газет-журналдарға жазылудан қалыс қалған кезі жоқ. Күні кеше 17 ұстаз облыстық «Орал өңірі» газетіне бір жылға жазылса, 8 педагог республикалық «Егемен Қазақ­стан» газетіне, ал кіші қызметкерлер түгелдей дерлік аудандық «Ауыл айнасы» газетіне жазылған. Сондай-ақ ұстаздар газет-журналда жарияланған қоғамдағы өзекті мәселелер туралы мақалаларды педагогикалық кеңестерде талқылап, талдап, пікірлерімен бөлісіп отырады.

 Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале