Казталов ауданындағы Жалпақтал балалар өнер мектебінің ұжымы облыстық «Орал өңірі» газетіне бір жылға жазылды.
Өнер мектебінде 25 педагог, 6 кіші қызметкер жұмыс істейді. Мектепте 224 оқушы бар. Олар домбыра, қобыз, басқобыз, флейта, баян, терме, вокал, көркемсурет үйірмелеріне қатысуда. Мектеп ұжымының газет-журналдарға жазылудан қалыс қалған кезі жоқ. Күні кеше 17 ұстаз облыстық «Орал өңірі» газетіне бір жылға жазылса, 8 педагог республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне, ал кіші қызметкерлер түгелдей дерлік аудандық «Ауыл айнасы» газетіне жазылған. Сондай-ақ ұстаздар газет-журналда жарияланған қоғамдағы өзекті мәселелер туралы мақалаларды педагогикалық кеңестерде талқылап, талдап, пікірлерімен бөлісіп отырады.
Гүлсезім Бияшева,
zhaikpress.kz
24.01.2023, 9:30
22.12.2022, 9:45
29.11.2022, 9:01
7.11.2022, 10:45