Былтыр Орал қаласында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. Аталмыш орталықтың қызметіне күні бүгінге дейін 449 қыз-келіншек жүгінген. Нақтырақ айтсақ, олар кәсіпкерлік нысанын ашу, жобалар дайындау, грант пен лизинг қаражатын алу жолдары туралы шеберлік сабағына қатысқан. Халықаралық жобалар байқауына қатысу және өндірістік құрал-жабдық сатып алу бағытында кеңес алған. Бұл туралы өткен бейсенбіде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.
– Ел саясатының басым бағытының бірі – бизнесті қолдау. Әсіресе, аудан-ауылдардағы, елді мекендердегі әйел азаматшаларды әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту бойынша мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде өңірімізде кәсіпкерлікпен айналысып жүрген қыз-келіншектердің қатары жыл сайын артуда. Бұл – қуантарлық жағдай. Орал қаласындағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы қыз-келіншектерге бизнес ашу жолдарын ғана үйретпейді, сондай-ақ олардың халықаралық жобаларға қатысуына мүмкіндіктер қарастырады. Ауылдағы нәзік жандардың ұсынысын ескере отырып, тігін өндірісі мен кондитерлік бағытта шебер-лік сабақтары ұйымдастырылды. Өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлікпен 51 012 тұрғын шұғылданса, оның 22 935-і – қыз-келіншек. Яғни тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысанының 45%-ын әйелдер басқарып отыр. Нақтырақ айтсақ, өңірдегі азаматшалардың меншігі де 22 935 кәсіпкерлік нысаны бар. Оның 2 113-і – заңды тұлға, 18 670-і – жеке кәсіпкерлік (ЖК), ал 2 152-сі – шаруа қожалығы санатында. Оған қоса білім беру, денсаулық сақтау саласында және халыққа қызмет көрсету орталығы мен әлеуметтік орталықтарда да басшылық қызметте жүрген арулар аз емес, – деді жиынның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.
БҚО кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұржан Мақсотовтың айтуынша, өңіріміздегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы облыстық іскер әйелдер кеңесімен ынтымақтаса жұмыс істейді. Орталықта бизнес негізде-рі, электрондық қызметтер және кәсіпкерлікті қолдау бағытында берілетін қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиелер туралы семинарлар, тренингтер онлайн және офлайн сипатта өткізіледі. Облыс бойынша биыл 165 әйел қызметте өсу тренингіне тегін қатысса, 50 келіншек мамандандырылған арнайы курстан өткен. Яғни оның 34-і – кондитер, 16-сы тігінші мамандығын меңгерген. Сондай-ақ облыстағы 10 кәсіпорынды (мейрамханақонақүй бизнесі, тігін шеберханасы, сауда-саттық нысандары) тізгіндеген қыз-келіншектер бизнестерін стратегиялық дамыту бойынша кәсіби мамандардан кеңес алған. Орталыққа келген 59 әйел бизнес-жоспар құруда қолдау тапса, 125-і бухгалтерлік және салықтық есептілік бойынша білім-білігін арттырған. Ал 41 келіншекке бизнесті тіркеу, 68 әйелге жобасын қаржыландыру бойынша қолдау көрсе-
тілген. Қыз-келіншектер көтерме және бөлшек сауда саласында, мотоциклдер мен аутомобильдерді жөндеу, орман және балық шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі салаларындағы сервистік қолдау қызметі бойынша жиі кеңес алады екен.
– Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы нәзік жандардың беделі мен мерейін арттыру бағытында бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – «Асыл ана» жобасы. Бұл жоба әлеуметтік желіде кеңінен танымал. Байқауға қатысқан көпбалалы аналар арнайы тренинг, курстардан өтті. Іс-шара нәтижесінде өнерімен, өнегелі өмірімен ерекше көзге түскен үш ана отбасымен Грузияға саяхаттады. Жасыратыны жоқ, қоғамда «гендерлік вертикаль» мәселесі бар. Мәселен, Еуропа экономикалық қауымдастық және даму ұйымының мәліметіне сүйенсек, шетелдегі министрлікте қызмет етіп жүрген қыз-келіншектердің үлесі 13,3 пайызды құрайды. Ал ірі корпорациялардың басшылық қызметіндегілердің 9,8 пайызы – нәзік жандар. Бұл орайда еліміздегі әйелдердің де білім деңгейі мен біліктілігі жоғары. Айта кетсек, магистратура бітіргендердің 64 пайызы, докторлық дәре-
жені қорғағандардың 58 пайызы – арулар. Еліміздегі бойжеткендердің 99,3 пайызы
орта және жоғары білім алған. Осындай мәліметті қаперге салсақ та, азаматшалардың лауазымды қызметке көтерілуінде әлі де шектеулер бар. Әсіресе, мемлекеттік қызметте және ұжымдық секторда нәзік жандар орташа және төмен деңгейдегі лауазымдарда еңбек етіп жүр, – деді БҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Жансұлу Төремұратова.
Жиында әйелдер кәсіпкер-лігін дамыту бойынша «Балзия» ЖШС-ның директоры Балзия Евенеева өз тәжірибесімен бөліссе, саяси көшбасшылықты қалыптастыру бағытында «Экспо+» ЖШС-ның директоры Людмила Щикуна баяндама оқыды.
Гүлсезім Бияшева,
zhaikpress.kz