Мәжілістің жалпы отырысына құқық қорғау органдарының басшылары қаңтардағы қайғылы оқиғаның тергеу барысын айтып, тәркіленген қаруларды көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тергеу барысында 4 мыңға жуық қару тәркіленгені айтылды.
Тараз қаласындағы қоймадан табылған қару-жарақ.
Алматыдағы арнайы жасақтың бронды панельдері. Атыс қаруының іздері мен металл сынықтары.
Ішкі істер министрлігі тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов 111 тәртіп сақшысы пышақ жарақатын алғанын айтты.
77 қызметкердің сүйектері сынса, 58 қызметкер ауыр жарақат алған. Екеуі Түркияда ұзақ уақыттан бері емделіп жатыр, Алматы гарнизоны қызметкерлерінің бірі ашық бассүйек-ми жарақаты түріндегі ауыр жарақат алған.
Тараз қаласы Талас өзенінің бойында жасырылған қару-жарақ.
Қалада 380-нен астам қару-жарақ табылған.
Сынған дулығалар мен қорғаныш тіректер.
Санжар Әділовтің айтуынша, 1900-ге жуық қызметтік және азаматтық қару әлі табылмаған. Осы іс бойынша полиция қызметкерлері белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.