5.01.2023, 11:15
Оқылды: 51

Қаңтар оқиғасы: тәркіленген қару-жарақ көрсетілді

Мәжілістің жалпы отырысына құқық қорғау органдарының басшылары қаңтардағы қайғылы оқиғаның тергеу барысын айтып, тәркіленген қаруларды көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2

Тергеу барысында 4 мыңға жуық қару тәркіленгені айтылды.

3

Тараз қаласындағы қоймадан табылған қару-жарақ.

4

Алматыдағы арнайы жасақтың бронды панельдері. Атыс қаруының іздері мен металл сынықтары.

1

Ішкі істер министрлігі тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов 111 тәртіп сақшысы пышақ жарақатын алғанын айтты.

2

77 қызметкердің сүйектері сынса, 58 қызметкер ауыр жарақат алған. Екеуі Түркияда ұзақ уақыттан бері емделіп жатыр, Алматы гарнизоны қызметкерлерінің бірі ашық бассүйек-ми жарақаты түріндегі ауыр жарақат алған.

Тараз қаласы Талас өзенінің бойында жасырылған қару-жарақ.

3

4

Қалада 380-нен астам қару-жарақ табылған.

5

Сынған дулығалар мен қорғаныш тіректер.

6

Санжар Әділовтің айтуынша, 1900-ге жуық қызметтік және азаматтық қару әлі табылмаған. Осы іс бойынша полиция қызметкерлері белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале