10.02.2023, 15:01
Оқылды: 60

Әкелер форумы өтті

Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Әкеге қарап ұл өсер» атты облыстық әкелер форумы өтті.

форум (3)

Шарада облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сөз сөйлеп, әке рөлінің маңыздылығы туралы айтты. Білімі мен өнері арқылы ел ішіне танылған өрендердің әкелеріне алғыс айтып, Әкелер күніне орай өңірде өткен шаралар жөнінде баяндап, ақпан айының «әкелер айы» деп аталғандығы туралы хабарады.

форум (1)

Сонымен қатар шара барысында жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды топтың аға инспекторы, полиция майоры Мадина Құспанова қаладағы балалардың әлеуметтік жағдайына қатысты статистикамен бөлісті.

Ал «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері Ержан Хасанов ұлт пен ұрпақ тәрбиесі турасында сөз қозғады.

Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Елдос Сафиуллин қазақы есім қоюдың маңыздылығы туралы сүбелі сөз сөйлесе, зергер, қолөнер шебері Тимур Сүлеймен өнердің құдіреті мен қасиеті жайында баяндады.

Шара соңында доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев қоғамдағы өзекті мәселелер туралы сөз қозғап, ойын білдірді.

форум (5)

Шарада әсем әуен шырқалып, бүлдіршіндер өнер көрсетті.

форум (2) форум (4)

Күншуақ Жами,

Аида Оразова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале