Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде.

Орал қаласындағы сайлау учаскелері таңғы сағат 07.00-де гимнмен ашылып, өз жұмысын бастады.
Қала бойынша барлығы 125 сайлау учаскесі бар.


Сайлау учаскелеріне дауыс беруге алғаш болып келген сайлаушылар сыйлыққа ие болды.