БҚО-да облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымының алғашқы сессиясы өтті.
19 наурыз күні сайланған судай жаңа депутаттар бүгін облыстық мәслихаттың бірінші сессиясын өткізді.
Сессия отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.
Бұдан бөлек өңірдегі ірі департаменттер мен басқармалардың басшылары мен БАҚ өкілдері болды.
Сессияның бірінші отырысында Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов өңірдегі сайлаудың өту барысы мен қорытындысы туралы баяндады.
Одан кейін сайланған депутаттарға депутаттық куәліктерін табыстады.
Су жаңа депутаттарын облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
Сессия барысында мәслихаттың төрағасын сайлады.
Депутаттар бұл қызметке "AMANAT" партиясының төрағасы Мұрат Мұқаевты лайық деп танып, дауыс берді.