Жаңаөзен қаласының екінші шағын ауданында екі қабатты тұрғын үйде газ жарылып салдарынан үйге кіреберістің 150 шаршы метрі қирады.
Қазіргі уақытта оқиға орнына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды. Олардың ішінде Ұлттық ұланның кинолог мамандары да бар. Қазіргі уақытта кинолог мамандардың көмегімен үйіндінің астынан әйел адамның денесі табылды.
Оқиға орнында 60-қа жуық ұлан сарбазы жұмыс жасап жатыр.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі