17.04.2023, 11:30
Оқылды: 69

Жаңаөзендіктерге ұландықтар көмекке келді

 Жаңаөзен қаласының екінші шағын ауданында екі қабатты тұрғын үйде газ жарылып салдарынан үйге кіреберістің 150 шаршы метрі қирады.

0a7908c7-12cf-492d-a575-779845fe912f

Қазіргі уақытта оқиға орнына Қазақстан Республикасы  Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды. Олардың ішінде Ұлттық ұланның кинолог мамандары да бар. Қазіргі уақытта кинолог мамандардың  көмегімен үйіндінің астынан әйел адамның денесі табылды.

fe349dbb-d26e-4c6d-8bf0-b702541b97ba

Оқиға орнында 60-қа жуық ұлан сарбазы жұмыс жасап жатыр.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале