13-15 мамыр аралығында Шыңғырлау ауданында асық ату спорт түрінен ерлер мен әйелдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтуде. Ұлттық спорт түрінен өтіп жатырған облыс чемпионатында «Бес асықтан» ауданымыздың намысын қорғаған аруларымыз қола жүлдеге ие болды.
Облыстық чемпионатқа Ақжайық, Бөрлі, Сырым, Казталов, Жаңақала, Шыңғырлау адандарының командалары қатысты. «Бес асықтан» сынға түскен аруларымыз Жаңақала мен Бөрлі аудандарының командаларына есе жіберіп, үштікті түйіндеді. Ал, ерлер арасында бес табанда ауданымыздың ерлер құрамасы жүлдеге іліге алмады. Нәтижесінде І орын Шыңғырлау ауданы, ІІ орын Бөрлі ауданы, ІІІ орын Сырым ауданының командаларына бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер БҚО дене шынықтыру басқармасының диплом және медальдарымен марапатталды.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz