16.05.2023, 2:48
Оқылды: 21

Бес асықтан қола жүлде Казталовта

13-15 мамыр аралығында Шыңғырлау ауданында асық ату спорт түрінен ерлер мен әйелдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтуде. Ұлттық спорт түрінен өтіп жатырған облыс чемпионатында «Бес асықтан» ауданымыздың намысын қорғаған аруларымыз қола жүлдеге ие болды.

FB_IMG_1684173161628Облыстық чемпионатқа Ақжайық, Бөрлі, Сырым, Казталов, Жаңақала, Шыңғырлау адандарының командалары қатысты. «Бес асықтан» сынға түскен аруларымыз Жаңақала мен Бөрлі аудандарының командаларына есе жіберіп, үштікті түйіндеді. Ал, ерлер арасында бес табанда ауданымыздың ерлер құрамасы жүлдеге іліге алмады. Нәтижесінде І орын Шыңғырлау ауданы, ІІ орын Бөрлі ауданы, ІІІ орын Сырым ауданының командаларына бұйырды.

FB_IMG_1684173154047

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер БҚО дене шынықтыру басқармасының диплом және медальдарымен марапатталды.

FB_IMG_1684173099882

FB_IMG_1684173113089

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале