Оқушылардың жазғы демалысы «Қазақстан – бақытты балалық мекені!» каникул кезеңіндегі балаларды сауықтырылу демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» тұжырымдамасына сәйкес ұйымдастырылады.
Биыл мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде 6 700 бала демалады деп күтіліп отыр. Сонымен қатар 37 655 бала үшін барлық мектепте және екі қосымша білім беру ұйымында тамақтануы ұйымдастырылмаған лагерьлер жұмыс жасайды.
Лагерьлердің ашылуына арналған бүгінгі шаралар «Балалардың игілігі үшін!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған республикалық акция аясында ұйымдастырылып, мерекелік концерттік бағдарлама, ойын алаңдары ұйымдастырылып, шеберлік сағаты өткізілді.
Алдағы уақытта демалушылар үшін танымдық шаралар, қызықты ойындар, демалыс орындары мен мәдени орталықтарға экскурсиялар ұйымдастырылады.
Эльмира Нұғман,
Орал қаласы білім бөлімінің
баспасөз хатшысы