21.07.2016, 17:03
Оқылды: 34

Бақытты балғындар ән салды

Бақытты балғындар ән салды         Теректі ауданы орталығындағы «Ақбота» балалар бақшасында «Өркендеу» этно-мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Біз бақытты баламыз» атты сазды кеш өтті.


ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  және ұлттар арасындағы достықты нығайту мақсатында өткен шарада кішкентай бүлдіршіндер белсенділік танытты. Өнер әлеміне енді қанат қаққан талапты балғындар қазақ, үнді, испан билерін билеп, тәтті тілдерімен Отан турасында тақпақтарды жатқа айтты. Сонымен қатар,  әсем әндер орындалып, ата-аналар қауымы  балаларының  таланттарына тәнті болды.  Шараның бас ұйымдастырушысы «Өркендеу» этно-мәдени орталығының төрағасы В.Шин осындай мәні бар шараларды қолға алуы алғаш емес.

- Алдағы уақытта оқушылар арасында шығармалар байқауын өткізу жоспарда бар. Оған да ауданымыздың барлық жастарын атсалысуға шақырамын. Бүгінгі шара жоғары деңгейде өтті. Сөзімнің дәлелі - балғындардың көзіндегі жарқыл мен ата-аналардың алғысы,- деді өз сөзінде орталық төрағасы.

Шара соңында «Өркендеу» этно-мәдени орталығы атынан балабақша ұжымына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ
Теректі ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале