16 тамызда сағат 10.30-да Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі.
Кездесу Н. Назарбаев даңғылы, 182/1 мекен жайында, облыстық мәслихат ғимаратында өтеді.
Министр 09.00 - 10.30 азаматтарды жеке қабылдамақ. Ал 10.30 - 12.30 коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу жоспарланған.
Бұқаралық ақпарат құралдарына 12.30 - 13.00 брифинг өткізеді.
Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Facebook», әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өткізіледі.
Тұрғындар сұрақтары мен ұсыныстарын кездесуде қоя алады немесе 8(708)132-78-66 WhatsApp нөміріне, [email protected] поштасына жібере алады.
Кездесулерге жазылу үшін 8(708)132-78-66 нөміріне хабарласа аласыз.