10.08.2023, 12:00
Оқылды: 169

Зүлфия Сүлейменованың БҚО-ға сапарының бағдарламасы белгілі болды

 16 тамызда сағат 10.30-да Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі.

WhatsApp Image 2023-08-10 at 11.33.14

Кездесу Н. Назарбаев даңғылы, 182/1 мекен жайында, облыстық мәслихат ғимаратында өтеді.

Министр 09.00 - 10.30 азаматтарды жеке қабылдамақ. Ал 10.30 - 12.30 коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу жоспарланған.
Бұқаралық ақпарат құралдарына 12.30 - 13.00 брифинг өткізеді.

Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Facebook», әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өткізіледі.

Тұрғындар сұрақтары мен ұсыныстарын кездесуде қоя алады немесе  8(708)132-78-66 WhatsApp нөміріне,  [email protected] поштасына жібере алады.

Кездесулерге жазылу үшін 8(708)132-78-66 нөміріне хабарласа аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале