Дәрігерлер боксшының бұндай дертке шалдығуына спортта алған жарақаттарының «еш қатысы жоқ» екенін айтқан.
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Елена Кольцованың еміне қаражат керек. Бірнеше жыл бұрын ғана шаршы алаңда топ жарып жүрген спортшы қазір өмірі үшін күресуде, деп хабарлайды КТК арнасы.
Телеарна мәліметінше, уақыт өте пайда болған аурудың әсерінен спортшының бұлшық еттері істемей, тыныс алуы да қиындай түскен. Ауыр сырқатына байланысты қозғалыссыз қалған Елена Кольцова қазір тіпті сөйлей алмайды.
Жолдасының сөзінше, оған Өзбекстандағы дәрігерлер көмек көрсете алады. Бірақ көрші мемлекеттегі оңалту орталығына жіберуге 4 жарым миллион теңгедей қаражат қажет. Сондықтан отбасы жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр екенін айтады.
Өкінішке қарай, дерті асқынып барады. Еленаның өмірін жеңілдету үшін оны оңалту керек. Әр үш ай сайын. Ташкентте клиника бар. Тура сол клиникада Еленаның диагнозына көмектесе алады. Ол жаққа баруға жағдайымыз жоқ. Сондықтан біз көмек сұрауға мәжбүрміз, - дейді Еленаның күйеуі Арман Есенғазин.
Телеарна ақпаратынша, дәрігерлер боксшының бұндай дертке шалдығуына спортта алған жарақаттарының «еш қатысы жоқ» екенін айтқан.
Айта кетейік, 35 жастағы Елена Кольцова әйелдер арасында бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Ол 2009 жылы 75 келіге дейінгі салмақта, 2010 жылы 69 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионы атанған. Ал 2006 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған.
Сондай-ақ 2008 жылы өткен бокстан әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленсе, 2010 жылы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған. 2011 жылғы Азия кубогында (Хайку, Қытай) күміс медаль жеңіп алған.
Елена Кольцоваға көмек көрсетем деген жандар үшін оның реквезиті.
KZ18722C000054432450
4400430167685673
ARMAN YESSENGAZIN
+7 778 332 5643 Арман Е.
фото :kstnews.kz