Орал қаласының Абай көшесі бойындағы Абай полиция бөлімінің қақ алдындағы арық қоқыстан толып жатыр. Осыдан бір ай бұрын сол Абай полиция бөлімшесінің алдындағы автотұраққа жөндеу жүргізілді.
Әрі өтіп, бері өтіп құрылыс жұмысының жүріп жатқанын көріп жүрдік. Автотұрақ жөнделіп, өрнектасы ауыстырылып болды. Тек әттеген-айы құрылысшылардан қалған қоқыс әлі жиналмай жатыр.
Қоқыстың қаланың қақ ортасында жатқанына айға жуықтап қалды. Қала тазалығына жауапты мекеме сол қоқысты көрмей ме? Ал есігінің дәл алдында жатқан қоқысты тәртіп сақшылары неге көрмейді?
Абай көшесі қаладағы ең үлкен даңғылдардың бірі. Әрі осы қоқыс жатқан жері қаланың ең адам көп жүретін жері. Айналасы толған сауда үйлері, дәмханалар, орталық мешіт бәрі сол жерде. Соған қарамастан бас даңғылдардың біріндегі қоқысты тазалауға ешкім асығар емес.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz