Биыл облыста көкжөтел ауруының екі жағдайы тіркелді. Бір жасқа дейінгі және бір жасқа толған баладан көкжөтел ауруы анықталды. Көкжөтел ауруы вакцинамен басқарылатын аурулардың қатарына жатады. Ауырған балалардың біреуі көкжөтелге қарсы бір екпесін алған, екіншісі ата-анасының екпеге қарсылық білдіруінен жұқпаға қарсы екпе алмаған.
Фото: pixabay
Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда байқалатын, ауа-тамшы жолымен жұғатын, спазмды ұстамалы жөтелмен білінетін жедел инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы.
Жиі асқынулар екі жасқа дейінгі балалар мен қарт адамдарға анағұрлым тән. Алайда кез келген жаста ауру әл-ауқатты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияны жұқтырудың алдын алу әдістерін білу маңызды. Қоздырғыштың берілуі инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа арқылы жұғады. Ауру адам аурудың айқын сатысы басталғаннан кейін 30 күн ішінде алғашқы патологиялық көріністерден инфекцияны тарата алады.
Инкубациялық кезең 6 күннен 20 күнге, алғашқы немесе катаральды кезең 14 күнге дейін, ұстамалы жөтелдің пароксизмалды және инспираторлы ентігу кезеңі бір ай және одан да көп кезеңге созылады.
Көкжөтелдің белгілері жоғары тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас:
- дене қызуының +38°С-қа дейін көтерілуі, қалтырау;
- әлсіздік, бұлшықеттердің «сырқырауы», бас ауруы;
- мұрын жолдарынан ағу, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі.
Жөтел ұстамасы кезінде науқас қиналып, беті қызарып, құсып қатты қиналады және тынысы тоқтап қалуы мүмкін. Көкжөтел қатты асқынған жағдайда пневмонияға ұласуы мүмкін.
Қалай көкжөтелдің алдын аламыз?
Бүгінгі таңда көкжөтелмен алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы - міндетті вакцина күнтізбесіне енгізілген иммундау. Ол бала өмірінің бірінші жылында жасалады. Сондықтан ата-аналар үшін балаларын иммундау орынды шешім. Вакцина аурудың белгілері жоқ (суық тию, дене қызуының көтерілуі), дені сау балаларға ғана жасалады. Жоспарлы түрде Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, екі айда, үш ай, төрт ай және 18 айда жүргізіледі.
Жұлдыз Каримова
Батыс Қазақстан облысы санитариялық –
эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпид бақылау бөлімінің
бас маманы