5.10.2023, 12:45
Оқылды: 105

Ономастика – ұлт айнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 17 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында мемлекеттік құрылымдарға  ономастика саласында кешенді дәйекті, орталықтандырылған жұмыс жүргізуді және әртүрлі объектілерге кеңес кезеңі қайраткерлерінің есімдерін беру тәжірибесін тоқтатып, халқымыздың тарихындағы көрнекті тұлғалардың біртұтас қатарын айқындау жөнінде тапсырма берген болатын. 

Бүгінгі таңда ономастикалық жұмыстардың басым бағыты идеологиялық тұрғыдан ескірген немесе мән-мағынасын жоғалтқан елді мекендер мен көшелердің атауларын ұлттық танымға жақын атаулармен өзгерту.

terekti-2-1

Фотода Құмақсай ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 мамырдағы №123 қаулысы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы №3-3 шешімі негізінде Теректі ауданының Новопавлов ауылдық округі – Құмақсай ауылдық округі, Новопавлов ауылдық округінің Новопавлов ауылы - Құмақсай ауылы деп қайта аталынды.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының Жаңақала колледжіне Сейітқали Мендешевтің, Карманов орта мектебіне Дінмұхамед Қонаевтың есімдерін беру туралы және Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің Александров орта мектебін – Достық орта мектебі, Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің Чеботарев орта мектебін – Құрманғазы орта мектебі, Киров негізгі орта мектебін – Болашақ негізгі орта мектебі, Подхоз негізгі орта мектебін – Жалын не-гізгі орта мектебі деп қайта атау бойынша ұсыныстар республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жолданды.

Облыстық ономастикалық комиссияның 2023 жылғы 13 шілдедегі қорытындысы негізінде Тасқала ауданының Достық ауылдық округінің идеологиялық тұрғыдан ес-кірген 8 көшесі (Вокзальная көшесін – Махамбет Өтеміс-ұлы көшесі, Железнодорожная көшесін – Сұлтан Бейбарыс көшесі, Октябрьская көшесін – Сырым Датұлы көшесі, Чапаев көшесін – Ыбырай Алтынсарин көшесі, Урожайная көшесін – Әлия Молдағұлова көшесі, Суворов көшесін – Мәншүк Мәметова көшесі, Элеваторная көшесін – Тайыр Жароков көшесі, Мячин көшесін – Бауыржан Момышұлы көшесі) және Бәйтерек ауданы бойынша Трекин ауылдық округі – Байқоныс ауылдық округі және Трекин ауылы – Байқоныс ауылы деп қайта аталынды.

Мектеп оқушыларының ономастика саласындағы бастамалары мен зерттеу идеяларын ынталандыру мақсатында 2023 жылдың 5 шілдесінде «Мен тұратын көшенің тарихы» атты облыстық акция өткізілді.

2023 жылдың 1-4 тамызы күндері мемлекеттік ономастикалық саясаттың мақсат- мүдделерін ұғындыру, өңірдегі ономастикалық бірліктерді зерделеу мен ел аумағындағы атауларды қалпына келтірудің негізгі міндеттері мен бағыттарын түсіндіру мақсатында «Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі» тақырыбында белгілі саясаттанушы, лингвист-ғалым Дос Көшімнің қатысуымен кешенді кездесулер мен танымдық дәрістер өткізілді. Аталмыш шараға Бәйтерек ауданы бойынша Красноармейск, Рубежин, Павлов, Горбунов, Октябрьский, Калинин, Зеленый ауылдарының жергілікті қоғамдастық мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы ономастикалық ахуалдың жай-күйін анықтау бағытында өңірдегі аудандардың тұрғындарымен ономастикалық мәселелер туралы әлеуметтік, аналитикалық зерттеулер жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясы облыстың ономастикалық кеңістігін реттеу бағытында әр тоқсанға арналған нақты жұмыс жоспарын жасап, оны жүйелі түрде іске асырып келеді. Осы орайда зиялы қауым және беделді қоғамдастық, Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшыларынан жасақталған комиссия мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрақты түрде ономастика саласы бойынша ақпараттық-насихат жұмысын тұрақты жүргізіп жатыр.

 

 Ізбасар Жұмағали,

ономастика және көрнекі ақпараттарды

бақылау бөлімінің басшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале