12.10.2023, 14:30
Оқылды: 117

Қалдырған ізі мәңгілік...

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне – 60 жыл

Әр заманның өзіне лайық тұлғалары болады. Бірақ уақыт өте келе көрегенділігі мен көсемдігіне сай білімді адамдар ғана өзгерістер мен қиыншылықтарға қайыспай, заман талабынан қалыспай, Қазақстанның тарихи жолындағы ұлы көштің алдыңғы лебінде қалады. Осындай өр тұлғалардың бірі – Борис Петрович Шах.

fa6c555b-6e9d-474b-b770-e76590199288

Жақсылығы мен жамандығы қатар жүретін бұл жалғанда ізгілікке ұмтылатын, саналы ғұмырын парасаттылыққа арнайтындар болады. Олардың өздері дүниеден өтсе де, есімдері ескірмей, халық жадында сақталады. Ел игілігі үшін еңбек еткен жанның бірі – Борис Петровичтің еңбек жолын санамнан бір санамалап өткізейін.

1975 жылдың қазан айында Б.  Шах Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ректоры болып тағайындалады. Борис Петровичтің институттағы жұмысы оқу орнының қалыптасу кезеңімен сәйкес келді. Оқу кешенінің құрылысын салу барысында біз Борис Петровичтің ұйымдастырушылық және іскерлік қасиеттерін анық көрдік. Ол ешқашан ұсақ-түйекке тоқталмай, болашақты бағдарлап жұмыс істеді. Кешен құрылысының барлық жауапкершілігі ректордың мойнына жүктелді. Борис Петрович проректорларға, факультет декандарына, бөлім басшыларына сенді және әркім өз учаскесінде өз жұмысын кәсіби түрде атқара білді.

Осы кезеңде ауыл шаруашылығы институтының материалдық-техникалық базасы жетіліп, нығая бастады. Қаланың шетінде, алдымен, бүкіл ғылыми-өндірістік кешенді жобалау, содан кейін салу басталды. Нəтижесінде 3 оқу ғимараты, 2 тұрғын үй, балалар комбинаты, кітапхана, спорттық блок, виварий пайдалануға берілді. Көптеген пəн бойынша бағдарламалы оқыту енгізіліп, он лектік дəрісхана оқытудың техникалық құралдарымен толықтай жабдықталды. Ауылға шефтік көмек көрсету бойынша құрылған студенттік құрылыс жасақтарының жұмысын ұйымдастырудағы еңбегі үшін Б. Шах 1984 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Үлкен еңбек тəжірибесіне ие Б. Шах институтта қызмет атқарған уақытында институт ұжымын білімді де білікті басқара отырып, оқыту үдерісін жетілдіру, агроөнеркəсіп кешеніне қажетті мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағыттай білді. Барлық жауапкершілік бірінші басшыға жүктелді. Факультеттің жаңа орынға көшуі, әсіресе оқу үдерісінің ортасында үлкен қиындықтар туғызды, өйткені барлық оқу жабдығын (станоктар, машиналар және т.б.) бөлшектеу, қайта орнату қажет болды. Мұның бәрі оқытушылардың, зертханашылардың немесе факультет студенттерінің күш-жігерімен жүзеге асырылды.

Борис Петрович мәселелерді жиі көтеріп, оларды шешуге өзінің көзқарасын ұсынды. Оның ауқымдылығы, шығармашылығы мен жаңашылдығы оның тәуелсіздігіне негізделген. Оның іс-әрекетке, ауқымды мәселелерді шешуге итермелейтін түсініксіз ішкі күш жігері болды.

Борис Петрович Шах – ерекше тұлға. Оның жоғары оқу орнының бірінші басшысы ретіндегі өмірі, ғылыми-педагогикалық шығармашылығы, қоғамдық қызметі терең рухани мазмұнға толы. Осы кезде басқа да оқу орындары сияқты біздің институтта да ғылыми  дәрежелі оқытушылардың жетіспеушілігі байқалды. Борис Петрович аспирантурада оқығысы келетін жас оқытушыларға зор қолдау таныта білді. 70-жылдардың соңында Борис Петрович 40-тан астам жас оқытушыны жинап, КСРО-ның жетекші ғылыми мекемелерінің аспирантураларына оқуға жіберді. Мұның бәрі Борис Петровичтің сенімі мен тәлімінің арқасында болды.

Борис Петрович институттың кафедраларын техникалық жабдықтауға көп көңіл бөлді. Оның тікелей қатысуымен оқу және сынақ зертханалары сол кездегі заманауи стендтермен, тракторлар мен басқа да ауыл шаруашылығы машиналарының қолданыстағы модельдерімен толық жабдықталды. Фрунзе оқу-тәжірибелік шаруашылығын дамытуға көп күш жұмсады.

Ол оқу қалашығының тіршілігін қамтамасыз ету және коммуналдық қызмет көрсету мәселелеріне ерекше назар аударды. Борис Петрович жұмысының көп болғанына қарамастан, облыстың шаруашылықтарына жиі баратын, бізге де онымен бірнеше рет сапарға  шығуға тура келді. Қазақтың «Бала адам болып тегінен емес, ортадан қалыптасады» деген тамаша мақалы бар. Борис Петрович агрономия факультетінде дәріс оқыды. Ол бірінші басшының жұмысын ғылыми еңбектермен шебер үйлестіре білді. Шынында да, «Ғалымды — еңбегі, мұғалімді — оқушысы, ұйымдастырушыны  ісі бойынша бағалайды» деп тегін айтпаса керек.

Борис Петрович біздің ин­ститутта 10 жыл қызмет етті. Менің  білуімше, Борис Петрович ешқашан бұйрық бермеді, әкімшілендірмеді, өз билігін асыра пайдаланбады. Керісінше, барлық мәселені, олар қаншалықты маңызды және күрделі болса да, мамандармен, әріптестермен, активпен бірге шешуге тырысты. Сұрақ оған түсінікті болған кезде де оған қалай әрекет ету керектігін білсе де, міндетті түрде ұжымды жинап, олармен кеңесіп атқарды. Бұл профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді ойлауға, бастаманы дамытуға, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімін арттыруға мәжбүр етті.

Бүгінгі таңда университет одан әрі дамып келеді, бұл, әрине, Борис Петровичтің ректор ретіндегі еңбегінің алғышарты деуге болады.

1975 жылдан 1986 жылға дейін облысты он бір жылға жуық басқарған Мұстахим Біләлұлы Ихсанов Орал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында және біздің сол кездегі ауыл шаруашылығы институтымыздың құрылысында үлкен рөл атқарды.

«Казахстанская  правда» газетінің сол жылдардағы тілшісі Григорий Дильдяевтің сұхбатын сол күйінде беруді жөн санадым.

Высокий, приветливый человек с залысинами на большом лбу, улыбчивый, с зычным голосом и большими крестьянскими руками — таким мне и запомнился тогда Борис Петрович. Он увлеченно рассказывал о том, как главный вуз области работает с будущими студентами, старается отобрать лучших, причем обязательно и ребят из глубинки тоже. Провел по территории института, с гордостью показал отремонтированные и подготовленные к новому учебному году аудитории вуза, его производственную базу. Рассказал и об истории этого института, созданного в 1963 году для подготовки высокопрофессиональных кадров для совхозов и колхозов области и региона в целом. Борис Петрович особо подчеркнул, что первый секретарь Уральского обкома Компартии Казахстана Мустахим Иксанов много внимания уделяет работе СХИ, помогает решать его проблемы. Мол, вот и вчера приезжал, ознакомился, как вуз подготовился к наступающему новому учебному году. «Он, я знаю, бумажкам-справкам не очень доверяет, привык все, как говорится, потрогать собственными руками», — сказал тогда Шах.

Пару лет спустя мне довелось брать обстоятельное интервью у первого секретаря Уральского обкома партии. Речь во время этой беседы зашла и о сельскохозяйственном институте. Чувствовалось, что Мустахим Белялович хорошо знает жизнь этого вуза. Я не преминул вспомнить о своем знакомстве с Шахом. Иксанов оживился и дал самые лестные характеристики Борису Петровичу. Вот что я записал тогда в свой журналистский блокнот: «Он пример человека, по праву занимающего свое место. Очень ответственный. У него слово никогда не расходится с делом. Всегда открыт для общения. Умеет выстроить разговор и со студентом и с министром».

Ғұмыры ғибратқа толы азаматтар қоғам өмірінде қай кезде де қадірлі. Олардың қажырлы еңбегі мен өнегелі ісі ешқашан ұмытылмақ емес. «Жақсының аты өлмейді» деген сөз осындай азаматтарға арналып айтылса керек.

Қазыбай Бозымов,

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық

университетінің құрметті ректоры,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале