30.10.2023, 16:00
Оқылды: 48

Оралда үш күн ішінде 2 мың текше метр су шығарылған

Бұл туралы «Жайық таза қала» мекемесінің директоры Ринат Нұрғалиев айтты. Тоқтаусыз жауған жауынға байланысты «Жайық таза қала» мекемесінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеген. Күндіз-түні қалада су сору жұмыстары жүрген. Шаһарда су көп жиналатын қауіпті аумақтар да бар.

621B0F68-9510-47C1-847F-6E8763B822EA

– Қаладағы Екінші жұмысшы шағынауданы, Ескі әуежай жақтағы көшелер, базар маңындағы кей көшелерге су кету қаупі бар. Әйтиев пен Абай даңғылының қиылысындағы оңға бұрылатын жолдарға да су көп жиналады. Ең бірінші кезекте су көп жиналатын, қауіпті аумақтарда су сору жұмыстары жүргізіледі. Біз барлық қызметкерлермен күндіз-түні қаладан су шығару жұмыстарын ұйымдастырдық. Күндіз бес, түнде бес су сору техникасы жұмыс істеді. Абырой болғанда суға кеткен үй жоқ, - дейді аталған мекеменің директоры Ринат Нұрғалиев.

7901C350-FEDB-4A2E-9786-6035CB9436BA

БҚО-да соңғы үш күн ішінде ауа райы қолайсыз болып тұр. Қар аралас жаңбыр жауып көшені ми батпаққа айналдырды, алыс ауылдардағы ағайынмен байланыс үзіліп біраз қиындық туындады.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале