6.11.2023, 13:00
Оқылды: 36

Арнайы операция: құны төрт миллиард теңге болатын апиын тәркіленді

Өткен аптада еліміздің аумағында апиынның бір миллионнан астам бір реттік дозасы айналымнан алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Kazinform.

2dc474d7-d36e-485b-9162-25d3c3ab4d5d

Фото: ҰҚК

«ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті прокуратурасының үйлестіруімен Батыс Қазақстан облысының полициясымен және көліктегі полициямен бірлесіп, құрамында көкнәр сабаны мен апиынның қоспалары бар тағам көкнәрінің шетелден жеткізілу арнасының жолын кесу бойынша кең ауқымды арнаулы операцияны аяқтады. Арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің қолдауымен құрылған жедел-тергеу топтары Орал, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларының аумағында Алматыдан апиын көкнәрін сатып алып, оны еліміздің батысында саудалаған 8 адамды ұстады. Есірткі трафигін Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Ақтөбе мен Оралдағы төрт дүкеннің иесі болып шықты. Сол арқылы күдікті есірткі жасауға арналған көкнәр сабаны мен өнеркәсіптік еріткішті сатқан», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның дерегінше, полиция бір мезгілде Астана, Алматы, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Рудный қалаларында 35 тінту іс-шарасын жүргізіп, күдіктілерді ұстады. Жүргізілген арнаулы операциялар нәтижесінде қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталды. Олар 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

«104 тоннадан астам көкнәр сабаны, 600-ден астам «тропикамид» және «мидекс» дәрілік препараттарының бөтелкелері, шамамен 5 млн теңге, 4 автокөлік және DAF ауыр жүк көлігі тәркіленді. Бұл ретте бір реттік доза үшін 0,2 грамм экстракциялық апиын жеткілікті екенін атап өткен жөн. Осылайша айналымға апиынның бір миллионнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді. Тәркіленген өнімнің құны 4 млрд теңгеге бағаланады», - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале