Астанада «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, құттықтады.

Еңбек және халықты әлеуметтікқ қорғау министрлігінің хабарлауынша, биыл «Парыз»конкурсына қатысуға 492 ұйым өтінім берген. Оның ішінде 161 ірі кәсіпкерлік, 331 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар.
Комиссия құрамы республикалық конкурстың нәтижесінде екі санат бойынша екі Гран-при, 26 лауреат атағын анықтады.
Олардың арасында Батыс Қазақстан облысының мекемелері де бар.
«Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Батыс Қазақстан облысының «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС, «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Батыс Қазақстан облысының «QHSE-Akbarys» ЖШС лауреат атанды.
zhaikpress.kz